Ақ саңырауқұлақ

lat: Aq sańyraýqulaq

өс. Жапырақты және қылқанды ормандарда, ашық алаңда және орман шеттерінде, жас шыршалар арасында,ылғал топырақта өсетін, сабағы түбіне таман жуандай түсіп, сарғыш, ақ жолақ реңі бар саңырауқұлақтың түрі.

Барлық ақ саңырауқұлақтың бастарының төменгі жағы (түтікті қабаты) ақ, өсіңкіреген соң сарғайып,ақырында сарғыш жасыл болады. Сабағы түбіне таман жуандай түседі, сарғыш, ақ жолақ реңі бар (Шаңырақ энцикл.).

Ақ саңырауқұлақ сұйық және қою тағам әзірлеу үшін, сондай-ақ кептіру, тұздау және маринадтау үшін пайдаланылады (Шаңырақ энцикл.).